Жамбылда биыл 207 мыңнан астам ағаш отырғызылды

0 2

2021-2025 жылдар аралығына Жамбыл облысында елді мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспары бекітілген. Жоспар бойынша биылғы жылы Жамбылда 152,2 га аумаққа 179 мың дана ағаш отырғызылуы тиіс. Осы мамыр айы қорытындысы бойынша жалпы 207,3 мың дана көшет отырғызылды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Баймахан Қошқарбаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың 034 га, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 357 мың 123 га. Орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,47 пайызын алып жатыр.

— Президентіміз өз Жолдауында Республика бойынша 2 млрд. түп ағаш отырғызуды тапсырды. Оның 140 млн.түп ағашы Жамбыл облысының орман қорына егілу көзделген. Тапсырманы орындау мақсатында 2021 жылы 7 100 га жерге орман егу жұмыстары жоспарланды. Биылғы көктемде 3 100 га жерге 6 млн 214 мың.дана ағаш (сексеуіл және қарағаш) көшеттері отырғызылды. Облыс бойынша кешенді жоспар 100% -ға орындалды, — деді Б.Қошқарбаев.

Орман шаруашылығы мекемелерінің орындаған жоспары да ауқымды. Мәселен биыл Ақкөлге 955 гектарға 1720 мың дана сексеуіл отырғызды. Ақыртөбе — 175 гектарға 385 мың дана қарағаш, орман екпелерін толықтыру бойынша 15 гектарға 33 мың дана, Байзақ — 150 гектарға 270 мың дана, орман екпелерін толықтыру 30 гектарға 65 мың дана сексеуіл отырғызылды. Жуалы — 42 гектарға 75,6 мың дана, Қосқұдық — 628 гектарға 1130,4 мың дана, Көктерек — 70 гектарға 126 мың дана сексеуіл отырғызылды. Орман екпелерін толықтыру үшін 5 гектарға 11 мың дана отырғызылды. Т.Рысқұлов — 175 гектарға 385 мың дана қарағаш екпелері, Мерке — 150 гектарға 330 мың дана қарағаш, орман екпелерін толықтыру 30 гектарға 66 мың дана екпелері отырғызылды. Сондай-ақ Мойынқұмда 520 гектарға 936 мың дана сексеуіл екпелері отырғызылды, орман екпелерін толықтыру 60 гектарға 129 мың дана егілді. Сарысу ауданында 235 гектарға 423 мың дана сексеуіл екпелері, орман екпелерін толықтыру 60 гектарға 129 мың дана егілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.