Талас ауданында Алланың үйі — мешіт ашылды

0 14

Қаратау қаласында тіршілік атаулыға мейірім төгетін адамзаттың қасиетті қара шаңырағындай болған, ізгілік пен кешірім сынды қастерлі ұғымдар насихатталатын қадірлі орда — Алланың үйі мешіт ашылды. Демеушілік есебінен 150 млн. теңгеге соғылған «Әбдірашит ата» мешітінің сыйымдылығы 350 адамды қамтиды. Мешітте асхана, наубайхана, пешхана және сауат ашу орталығы бар, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

«Әбдірашит ата» мешітінің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж. Омаров, Жамбыл облысының бас имамы Б. Мырзагелдиев, Сарысу ауданының бас имамы Ғ. Қонақбаев, Жамбыл ауданының бас имамы Ғ. Амирбеков және аудан әкімі Қ. Мәдібек қатысып, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.