Шілдеден бастап Жамбылдағы 10 ауданда геопортал жұмысы басталады

0 3

Бүгінде Тараз қаласы бойынша геопортал жұмысы жанданып жатыр. Шаһарда техникалық тапсырма мен пайдаланушы нұсқаулықтары, әдістемелер мен сынақтар бағдарламасын қамтитын пайдалану құжаттамасы әзірленді. Геопортал тәжірибелік пайдалануға беріліп және қала тұрғындарынан жаппай өтінімдер қабылдауға толық дайын. Ал аудандар бойынша аталған жұмысты аяқтау алдағы айдың 1 шілдесіне жоспарланды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз қаласының, қазан айынан бастап аудандардың «Өңірлік геоақпараттық жүйесін»әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Геопортал ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты -халық пен бизнестің ақпаратқа ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызметтерді алу және іске асыру үшін мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға сервистер ұсыну; Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, бірыңғай стандарттар базасында электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау; Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты, бірыңғай талаптарға сәйкес сәулет және қала құрылысы саласына қатысты – 6 мемлекеттік қызметті, жер қатынастары бойынша – 8 мемлекеттікқызметті автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ спикер қызыл сызық бойынша ақпараттар айтып өтті.

— 2010-2020 жылдары аралығында елді мекендердің бекітілген бас жоспар жобаларына сәйкес, құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормаларын бұзып, құрылысы жүргізілген нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында 80 нысан анықталған болатын. Анықталған нысандарға тиісті шаралар қодану мақсатында, бүгінгі күнде облыс әкімі аппаратымен қадамдық Іс-шаралар жоспары бекітіліп, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан заң талаптарына сәйкес, шара қолдану жұмыстары жүргізілуде,-деді А.Әбдешов.

Брифинг қонағы Жамбыл облысында мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу жұмыстарының барысы туралы да мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, облыстың, қалалар мен аудан орталықтарының 24 105 га құрылысы салынған аумақтың инженерлік жүйелерін түгендеу жұмыстары толығымен аяқталған.

— Бүгінде «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК тарапынан құрылысы салынған аумақтың инженерлік жүйелерін цифырлау жұмыстары жүргізілуде. Ендігі кезекте, 2021 жылы халықының саны бес мыңнан жоғары елді мекендердің және аудан орталықтарына қосылған алқаптардың инженерлік жүйелерін түгендеу жұмыстарын жүргізуге Өңірлік жоспары әзірленіп, аудан әкімдіктері тарапынан қаржы бөлу (аудандық бюджеттен) жұмыстары жүргізілуде,-деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.