Таразда екпе егу қарқынды жүргізілуде

0 1

Тараз қаласындағы «Арай»,«Даримед» медицина орталықтары мен қалалық 9 емханада, барлығы 14 пунктте екпе егу қарқынды жүргізілуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, «Ауыл береке», «Бек», «Қайқармет», «Орталық базар» (Кирова) базарлары, «МART», «ФИРКАН» және «SMALL» «Скиф Трейд», «Қарлығаш», сауда үйлері, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», қаладағы барлық банк мекемелері және нан пісіретін наубайханалар, дәмханалар, мейрамхана қызметкерлерін вакцинациялау үшін көшпелі бригада ұйымдастырылып жұмыс істеуде.

Оған қоса қаладағы 11 округ бойынша бас инспекторлар жергілікті тұрғындармен, еріктілермен бірге түсіндіру жүмыстарын жүргізуде.

Тараз қаласы бойынша 18 жастан асқан барлығы – 302 637 тұрғын бар. Оның 80%, яғни – 244 375 адам ковидке қарсы вакцинациялауға жатады.

Тараз қаласына барлығы — 137 840 вакцина бөлінген. Бүгінде 66 425 тұрғын І компонентін қабылдады. Тараз қаласында күніне 2000-ға жуық адам вакцина салдыруда. Екпеден кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.