Жамбылдық түлектер тарапынан 73 елді мекенде жобалар жасалуда

0 3

Түлектер тарапынан туған жерге жақсылық жасау жүйелі жүріп жатыр. Жалпы бүгінде 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде түлектер жан-жақты жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов айтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, «Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Меруерт Лештаева да қатысып, жүзеге асып жатқан өзге жобалар жайында баяндады.

Бейқұт Тлебалдыұлының айтуынша, облыста «Жомарт түлек» сайты құрылып, жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бүгінде аталмыш сайтта 164 874 түлек тіркелген. Жоба шеңберінде 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынды. Тағы осындай 4 кешеннің, 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Ал түлектер тарапынан 2,8 млрд теңгеге жүзеге асып жатқан 73 елді мекендегі жобалар тоқтаусыз атқарылуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары негізінде әр айдың белгіленген тақырыбы бойынша 12 тақырыптан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл басынан бері отыз жылдық аясында 3 532 іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 4, республикалық деңгейде – 13, облыстық деңгейде – 90, қалалық/аудандық дейгейде – 3412 іс-шара ұйымдастырылды.

— Жол картасында көрсетілген 30 жобаның бүгінде 26-сы бойынша іске асыру жұмыстары басталды. 30 үйдің бүгінгі күнге 4-і (Тараз қаласы — 2 үй (135 пәтер), 2 үй (90 пәтер), 30 әлеуметтік дүкеннің 29-ы (Тараз қаласы – 16, аудандарда – 13), 20 білім нысанының 1-і пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектебінің, Жамбыл ауданында Тутұғырдың құрылысы аяқталды, Тараз қаласында «Асар» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы пайдалануға берілді. Көптеген қайырымдылық акциялар ұйымдастырылуда, — деді Б.Жамангозов.

Сондай-ақ, спикер тоқталғандай өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүргізілуде. Жоба аясында ағымдағы жылы облыс бойынша 134 үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 19 үйдің кілті тапсырылды. Жоба аясында жалпы 2,3 млрд. теңгеге 233 үй салынатын болады. Ал былтыр 2020 жылы асарлату арқасында 99 үй берілген болатын.

— Осы күні облыста «30 игі іс» жобасы мен «Қайырымдылық істері марафоны» жалпыұлттық жобасы сәтті іске асырылуда. Қазақстан халқы ассамблеясының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы шеңберінде жалпы 55 446 360 теңгеге 6640 адамға қайырымдылық жасалды. Сондай-ақ, жастар басқармасының қолдауымен облыстың жастары мен еріктілері «Қайырымдылық істері марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында 200-ге жуық іс-шара өткізіп, 2 млн. астам теңгеге көмек көрсетілді, — деді Серікбол Берікқожа.

Leave A Reply

Your email address will not be published.