Таразда заңсыз құрылыс жүргізген 59 нысан анықталған

0 7

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қаладағы бей-берекет орналасқан сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары, сақалды, заңсыз, «қызыл сызық» талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандары, және жер телімдерін заңсыз иелену мәселелері сараланды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.


«Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 7501 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде ол 92,1% орындалған. Бағдарлама аясында 270 адам қысқа мерзімдік курстардан өтуде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 900 адам оқуға жолданып, 857 адам сертификат алған.

Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы аясында 7 мектепке турникет және 60 мектепте дабыл түймесін (тревожная кнопка) орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары мен 28 саяжай алабын, «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» тұрғын алабтарын электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Көктем» тұрғын алабына газ тарату желісінің екінші кезеңі бастау алса, Құмшағал алабындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы Таразда 35 «Сақалды құрылыс» нысаны анықталып, иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бір нысанның құрылысы толық аяқталып, 11 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 23 нысанның иелеріне шара қолдану мақсатында құжаттары сотқа жолданды. Қалада «қызыл сызық» нормаларын бұзып, заңсыз құрылыс жүргізген 59 нысан анықталып, 44 нысан иесіне айыппұл салынды. Қалған нысандарға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жиын соңында қала әкімі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаларға талдау жасауды, жалпы бағдарламалр аясындағы көрсеткіштерді арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді және білім мекемелеріне турникеттер орнату бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.