ЖАМБЫЛДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

0 0

Жамбылда жыл сайын кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға басымдық беріліп келеді. Облысымызда осы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асты. Оған 7,1 млрд.теңге қарастырылды. Бұл қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 есе жоғары Былтыр 1,1 млрд. тг. бөлінген болатын. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты.

Бағдарлама аясында пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігіне 5 млрд. 151,2 млн.теңге, банк несиелері бойынша кепілдік беруге 1 млрд. 942,6 млн.теңге қаралды.

Бүгінде қаралған қаржының 97,2 пайызы игерілген. Ол деген сөз 6,9 млрд теңге.

Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша 4,5  млрд. теңге несие қаражаты бойынша 1021 адамға несие беру жоспарланған. Жалпы бүгінгі күнге 766 үміткерге 2 млрд.961,2  млн. теңге несие берілді немесе бөлінген қаржының  65,7 % игерілді. Тараз, Жаңатас және Қаратау қалалары бойынша 60 адамға 616,1 млн.теңге көлемінде несие беру жоспарланған.

Биыл жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 1 млрд. 884,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, 227 адамға несие беру жоспарланған.Жалпы бүгінгі күнге 1 884,0 млн. теңгеге 588 үміткерлер пулы жасақталып, оның 62,7 млн.теңгені құрайтын 13 жоба мақұлданған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде іске асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 83,5 млрд. теңгені құрайтын 231 жобаның құжаттары қабылданды. Жалпы сомасы 73,7 млрд.теңгені құрайтын 176 жоба мақұлданып, оның ішінде 55,8 млрд.теңгеге 174 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 5,6 млрд. теңгеге 20 жоба қаржыландырылды», — деді А.Сейсебаев.

Бағдарлама шеңберінде 3053 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, салық төлемдерінің өсімі 20,9 млрд.теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 91,6 млрд.теңге болады деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.