Нысандарды абаттандырудың 2021-2023 жылдарға арналған жоспарына сәйкес қала аулаларында ойын алаңдары орнатылуда. Жыл соңына дейін Тараздағы 14 үйдің ауласына балалар алаңы салынады. Бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 293,3 млн теңге бөлінген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Бүгінде Рафинадная 11, Төле би 8, Рыспек батыр 8 «А» көшелерінде, Менделеев 3 тұйық көшесі мекенжайындағы жатақхана алдында, «Самал» мөлтек ауданындағы 7, 21, 45, 46 үйлердің, «Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы 54, 55 үйлердің, «Қарасу» мөлтек ауданындағы 18, 25 үйлердің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуе.
Тұрғындардың тынығатын, балалардың бір мезгіл ойнайтын алаңның сапалы болуы – басты назарда. Бұл ретте салынып жатқан алаңдарға резеңке үгінділер төселуде. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін жасалған жағдай. Сондай-ақ, алаңдар 3 санатқа бөлінген: 2-7 жас, 7-14 жас және 14 жастан жоғары.
Жалпы үш жылдық жоспарға сәйкес қала аумағында 150 аула абаттандырылатын болады. Барлық жұмыстар қала әкімінің қатаң бақылауында.