«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық штабының мүшелері 100 орындық мектептің құрылысшыларымен кездесті

0 12

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық штабының мүшелері Әлімбек Жұмабаев мен Керімқұл Бегалиев Қызыларық ауылдық округінің Алатау ауылында құрылысын жүргізіп жатқан 100 орындық мектептің құрылысшылары мен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысқан құрылысшыларға штаб мүшелері алдағы өтетін саяси маңызы үлкен референдумның қаншалықты маңызды екендігін атап өтіп, өзгерістер енгізілетін тармақтарына тоқталды.

-Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынатынын, сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетіні, атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын нақтылып айтып, мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалынып жатыр-, деді штаб мүшелері.

Кездесуге қатысқан құрылысшылар, өз кезегінде облыстық штаб мүшелеріне референдумға қатысты ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді.

Кездесуде Керімқұл Бегалиев пен Әлімбек Жұмабаев қатысушыларды 5 маусым күні референдумға қатысып, Конституциялық өзгерістерді қолдауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.