Референдум- тарихи саяси шешім

0 34

ҚР Президенті өзінің биылғы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауында «Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі,-деген еді.

Осы Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізуге бағытталған жалпыхалықтық референдум- елді жаңа бағытқа бастайтын тарихи шара болмақ. Қазір барлық өңірде, ауыл-аймақта осы маңызды оқиғаның мәні мен мағынасын, маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Осындай жиынның бірі
«Озат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен өткізілді. «AMANAT» партиясының Тараз қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшесі Каримова Гүлмира Әуесханқызы Жаңа Қазақстанды құру жолында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өткізудің маңыздылығы жөнінде айтты. Жиында республикалық референдум өткізу — Қазақстанда әділдік пен ашықтықтың қанат жая бастағанының белгісі, сондықтан да, бұл референдумның әділ де адал өткізілуіне ең алдымен биліктің өзі мүдделі екендігі айтылды. Конституцияға енгізілетін түзетулер аясында Парламенттің депутаттық корпусын жасақтау тәртібі, Парламент Палаталарының заңдарды қабылдау және басқа да құзыреттері қайта қаралатыны, Парламент Палаталарының өкілеттіктері мен дербестігі кеңейетіндігі түсіндірілді.

Сөз соңында штаб мүшесі халықты республикалық референдумға белсенді қатысып, өз болашағы үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.Қатысушылар өз кезегінде референдум өткізуді қолдайтындықтарын және ағымдағы жылдың 5 маусымында дауыс беруге қатысатындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.