Түркістан облысында қойшы мен 1150 қой өртеніп кетті

0 94

Түркістан облысындағы өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасаған Zhambylnews.kz AA.

«2022 жылдың 31 қаңтарында сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен»,– деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.