Жас мамандар ант қабылдады

0 47

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған шараға Департамент басшылығы, мекеме бастықтары мен жеке құрамы қатысты. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен ашылды. Сонан соң, сапта тұрған 24 жас маман қызметтерінде адал болуға ант берді. Ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін алдымен сөз алған Департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы жас мамандарды бүгінгі айтулы күнімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Ерлан Тоқанов құттықтады.

Өз міндетін мінсіз атқарған қызметкерлер алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Айта кетейік, ЖД-158/4 түзеу мекемесі мен 5513 әскери бөлімі өзара ынтымақтаса жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.