«ASPARA FASHION WEEK» сән апталық апталығының офлайн көрсетілімі аяқталды

0 18

Тараз қаласында өтіп жатқан «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығының 9-шы маусымының офлайн көрсетілімі аяқталып, енді онлайн форматқа ауыстырылды. Үш күнге созылған шарада Қазақстан сән әлемінің саңлақтарымен бірге сән индустриясының белгілі тұлғаларының жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Биылғы шараның ерекшелігі— байқау түрінде ұйымдастырылды. Оған Қазақстан колледждерінен 47 ұлттық киім дизайнері қатысты. Олар қазақы киімдердің сәнді үлгісін ойлап тауып жарыққа шығаруы тиіс. Негізгі идея ұлттық киім дәстүрін сақтай отырып заманауи сұранысқа бейімдеуге бағытталған. Яғни дәстүрлі киімдерді тек сахна немесе мерекелерде ғана киюмен шектелмей, оны күнделікті киюге болатынын жастарға көрсетуді көздейді. Байқауға қазылық етуге халықаралық деңгейдегі атақты дизайнерлер келген. Олар тігін, маркетинг, сән әлеміне қатысты шеберлік сағаттарын өткізіп, өзара тәжірибе алмасуда.
Тағы айта кетерлігі, алғаш рет биылғы сән көрсетіліміне 63 пен 84 жас аралығындағы «Белсенді өмір сүру» клубының мүшелері де қатысты. Енді аталған шара екі күн бойына онлайн көрсетілім түрінде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.