ҚР бойынша “Үздік балалар ауруханасы” номинациясын Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жеңіп алды.
“Елдің үздік аудандық ауруханасы” номинациясында – Меркі аудандық орталық ауруханасы 176 аудандық ауруханалардың арасынан құрметті 2 орынға ие болды; “Елдің үздік жедел жәрдемі” номинациясында біздің облыстық жедел жәрдем стансасы үздік үштікке кірді, “Елдің үздік босандыру ұйымы” номинациясында Облыстық көпбейінді аурухананың босандыру қызметі бойынша 2 орынға ие болды. Бұл жетістік өңірдің денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан үлкен жұмыстың нәтижесі.
Ең бастысы – жеткен белестерде тоқтап қалмау, себебі адамдардың денсаулығы – бұл медицина саласының ең жоғарғы бағасы.