Өңірде балық шаруашылығы дамып келеді

0 33

Өткен жылы Жамбыл облысында 383 тонна балық өндірілген. Биыл бұл көрсеткіш 464,3 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Қазір өңірде балық өсіруге арналған 142 су айдыны бар,-деп жазады «Zhambylnews» AA.

Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық әлеуеті туралы үнемі айтып келеді. Оның бір бағыты -балық шаруашылығы. Аймақта балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы сәйкес облыста 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3 мың тоннаға, 2030 жылы 8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.
2021 жылы 105,9 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланса, жыл соңында бұл көрсеткіш 383 тоннаны құрапты.
Жасанды су айдыныны пайдаланып табысты еңбек етіп отырған шаруа қожалықтың бірі-Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан .


Құлан ауылының «Сұлутөр» тауы бөктерінде орналасқан қожалық бастапқыда айдынға 60 000 шабақ жіберіп, өсіруді бастаған болатын. Қазір су айдынын кеңейтуді жоспарлауда:
-Сапалы азық-түлік ешқашан сұраныстан түспейді. Мемлекеттен берілген көмектің нәтижесінде өз ісімді бастадым. Қазір шаруашылықта 20 адам еңбек етуде. Бірінші бассейннің құрылысы бітті. Екінші бассейнге 200 мың шабақ жіберуді жоспарлап отырмын,-дейді Аманжол Шілдебаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.