Жамбыл облысында қарбыз тиелген жүк көлігі аударылды

0 24

Жамбыл облысындағы тас жолда қарбызға толы жүк көлігі аударылып қалды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА КТК-ға сілтеме жасап.
Апат Бурное ауылының жанында орын алды. Түркістан облысынан Таразға бара жатқан 28 жастағы жүргізуші қатты жаңбырдан көлік тізгініне ие бола алмай, тіркемесімен қоса аударылған. Салдарынан өзі жарақат алып, 25 тонна қарбыз Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойына шашылып қалды.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды. «Көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға зақым келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», — дейді Жамбыл облысы ІІД ЖПБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.