Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Меркі аудандық орталық емханасына барды

0 8
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыстағы іс-сапар аясында Меркі аудандық орталық емханасына ат басын бұрды.
Қонақтарды қарсы алған бас дәрігер Жанар Оспанова «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» Ұлттық жобасын және халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде және алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарын, оның ішінде психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді жаңа технологияларға оқыту бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге елеулі үлес қосқан «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығымен белсенді ынтымақтастығының арқасында Меркі аудандық орталық ауруханасының базасында мамандардың мультидисциплинарлық командасымен ашылған алғашқы үздік тәжірибе орталығының жұмысымен таныстырды.
Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан Меркі ауданы 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,1 мың шаршы км. 45 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген. Тұрғындар саны 90 мыңға жуық. Онда қазақтардан бөлек, түрік, орыс, әзербайжан және өзбек ұлттары татулықта өмір сүреді.
Ауысымына 500 келушіге арналған медициналық мекеме 2020 жылы пайдалануға берілген. Тіркелген халық реестрі бойынша, онда 71941 адамға қызмет көрсетіледі.
Орталық барлық жастағы адамдардың денсаулығы үшін маңызды бағыттарды қамтиды. Олар: мамандардың кәсіби құзыреттері мен тұрғындардың денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру, медициналық көмектің және халықтың өмір сүру сапасын арттыру, пациенттердің қанағаттануын жақсарту.
Тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету: жүрек-өкпе реанимациясы, жарақаттар мен қан кетулер, жедел ми қан айналымының бұзылыстары мен құрысу кезіндегі алғашқы көмекті көрсету бойынша (парамедик) оқыту орталығының ашылуы және медицина қызметкерлері үшін, шалғай ауылдардағы дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік пунктерде ана мен бала өлімі, жарақаттар кезіндегі өлім-жітімді азайту, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыру және өмірге қауіп төнген жағдайдағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, жарақаттар мен қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек, жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңдердің асқынуы кезіндегі алғашқы көмек, патронаждың әмбебап – прогрессивті моделін жүргізу, отбасын жоспарлау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бойынша жаттықтыру орталығының ашылуы халық саулығына, аудан тұрғындарының кез-келген уақытта білікті және қол жетімді көмек алуы үшін берілген кепілдік. Емхананың медициналық қызмет көрсететін бөлімшелерін аралап көрген еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният жоғары баға беріп, медицина қызмеркерлерімен кездесіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.