Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің ұйымдастыруымен жастар арасында балық аулау мәдениетін қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасу және табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында «Балық FEST» атты облыстық балық аулау жарысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Аталған жарыста бақ сынауға «Теріс Ащы-бұлақ» су қоймасына жиналған тәжірибелі және әуесқой жас балықшылар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес берілген уақытта айла тәсілдер пайдалана отырып, жеңімпаз атануға барын салды.
Жарыс соңында аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры М.Телеушов жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Жарыс нәтижесіне сәйкес 1 орынды — Шу ауданы, Қасқабай Нұржан иеленді. Ал 2 орын — Жуалы ауданы, Сатыбалдиев Азатқа, 3 орын — Жамбыл ауданы Еркін Әкімхан мен Тараз қаласынан Өмірбек Даниярға бұйырды.