Жуалы ауданында «Судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шара» өтті

0 20
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және волонтерлермен бірлесіп, аудан аумағында шомылуға тыйым салынған орындарында рейдтік іс-шараларын жүргізді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Рейдтік іс-шаралары кезінде 90 ға жуық демалушыларға 100 ден аса судағы қауіпсіздік және табиғатта отты пайдалану ережелері туралы жадынамалары таратылды. Сонымен қатар рейдтік іс-шара жүргізу барысында Теріс өзенінің бойында шомылуға белгіленбеген орындарда азаматтардың от жағу фактілері анықталып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін «Ескерту» түрінде әкімшілік істері қозғалды.
Төтенше жағдайлар бөлімімен бұндай рейдтік іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.