Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясының ХХV съезі өтті. Жиында Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімі бекітілді деп хабарлайды Zhambylnews.kz.
Партия Мәжіліске 119, ал мәслихатқа 3 821 кандидат ұсынды. Тізімде Жамбыл облысынан
ҚР Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны әзірлеуші Күнсұлу Закарья, өткен шақырылымда өткір мәселелерді көтере білген Гүлдара Нұрымова және боксшы Фируза Шарипова бар.
Партия төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, «AMANAT» партиялық құрамасы 75%-ға жаңарған. » Олар – Президент реформалары мен партия бағытын жүзеге асыруға қабілетті жарқын көшбасшылардың жаңа тобы. Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Нағыз мемлекетшіл, патриот азаматтар. Біздің үміткерлер партияны әділ де таза жеңіске бастайды деп кәміл сенемін. Өйткені, олардың артында өздеріңіздей адал партияластар мен қалың орман халқымыз бар», — деді Ерлан Қошанов.