Талас ауданының 95 жылдығына орай «Ақ бата» аудандық байқауы ұйымдастырылды

0 27

Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 60 жылдығына орай қариялар арасында батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Ақ бата» аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында ұйымдастырылған шараға ауылдық округтердің барлығынан дерлік батагөй қариялар қатысты.

Шараға қатысқан аудан әкімі бата беру дәстүрі – тәрбиенің бастауы екеніне тоқталып, қатысушыларға ізгі лебізін жеткізді.

Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Халқымыз әрқашан тілегін тілеп, берілген батаға ерекше ден қойған. Қуанышты тойлар мен келелі жоралғыларда ауылдың қадірлі қариясынан бата сұраған.Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы іске рухани демеу болып, бір ауыз сөзбен тоқтам айтып, халыққа бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеп отырған, – деді аудан басшысы.

Жалпы байқау үш кезеңнен құралған. Бірінші кезеңде қазақтың ұлттық салт-дәстүр бойынша бақ сынасса, екінші кезеңде қазақтың айтулы тұлғаларының баталарын айтып сынға түсті, ал үшінші кезеңде ұлттық салт-дәстүрлерімізге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.