Талас ауданында оқыту-сауықтыру жарысы өткізілді

0 24
Талас ауданы, «Жұрындысай» лагерінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында оқыту-сауықтыру жарысы өткізілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, белсенді жастарға сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.
«Жұрындысай» лагерінде ұйымдастырылған шара қатысушылардың дене қыздыру жаттығуынан басталып асық ату, секірмекпен секіру, арқан тартыстан өзара бәсекеге түсті, блиц сұрақта кімнің ойы ұшқыр екені анықталды. Сондай-ақ, компаспен картада көрсетілген орынды табу сайысында эстафеталық яғни, жүгіру, қаппен және секірмекпен секіруде командалар өзара бәсекелесті.
Жастар арасындағы оқыту-сауықтыру жарысы флешмоб биімен көтеріңкі көңілде өз мәресіне жетті.
Жеңімпаз және белсенді жастар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.