Ауылдық жерде еңбек көрігін қыздырып, елді-мекен тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жандар жетерлік. Соның бірі Шу ауданына қарасты Қорағаты ауылдық округі Мойынқұм ауылының тұрғыны Бақытовтар отбасы.
Мойынқұм ауылының тұрғыны Дүйсенбай ақсақал мен Сәуле апай өмір бойы бел жазбай еңбек етіп, елді-мекеннің әлеуметтік жағдайы жақсаруына өз үлестерін қосып келген жандар. Зейнеткерлікке шыққанда да, қол қусырып қарап отырмай қазақтың құнарлы тағамдарын дайындауды қолға алыпты. Таңмен бірге таласа тұратын олар тіл үйірер тағам сары май мен ірімшікті шығарумен айналысады. Оны дайындауда оңай емес, қажырлы еңбекті қажет ететін, өз технологиясы бар.
-Қолдың майы мен қызыл ірімшіктің құнарлығы өз алдына дәмділігімен қоса дәруменділігі де бар. Сүтті қазанда ұзақ уақыт қайнатып, күбіге пісіп қазақи әдіспен әбден бабына келтіре дайындалатын өнімге деген сұраныс көп, дейді Сәуле Бақытова.
Кәсіптің нәсібін көріп отырған олар бұл істі осыдан 7 жыл бұрын бастапты. Жылдан-жылға тапсырыс артқан сайын жұмыс ауқымын да кеңейте түскен. Басында екі-үш сауынды сиыр болса, қазір оның саны онға жеткен. Мал басын көбейтіп, сиыр сауатын тиісті апарат сатып алуға кіші кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі үкіметтің көмегі көп болды,-дейді.
10 сиырдан күніне 60 литр сүт алып, қосымша көршілерден де сүт қабылдайды. Оның өзі екі жаққа да тиімді. Кәсіпкер дайын шикізатпен қамтамасыз етіліп жатса, ауыл тұрғындары жақын жерден сүттерін саудалап, қолма-қол ақшаларын алуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.