Жамбыл облысы Қордай ауданында құрылысы жүріп жатқан 1000 бас ірі қараны бордақылау алаңының құрылысы қыркүйек айында аяқталады. Бұл туралы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің іс-сапары барысында айтылды.
Сапар барысында басқарма басшысы Қайнар мен Бетқайнар ауылдық округтеріндегі бордақылау алаңдарын аралап, Қаракемер ауылдық округіндегі қасапхананың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Масаншы ауылдық округінде Қайрат Көшенов ірі жоба – мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешенінің құрылысы көрді. Кәсіпкер Исмаил Уджур бұл кешеннің құрылысын 2025 жылдың қыркүйегінде аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 500 миллион теңге. Заманауи кешен толық автоматтандырылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер қой шаруашылығы мен құс өсіру ісін де қатар алып жүрмек. Сапар барысында қонақтар Масаншыдағы 20 мың тонна өнім сиятын көкөніс сақтау қоймасында да болды. Қазіргі уақытта қоймада негізінен пияз сақталып отыр.
Сапар Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылындағы мал соятын цехта жалғасты. Аталған қасапхана жеке кәсіпкер Салман Амановтың қаражатына бой көтеруде. Күніне 50 бас ірі қара мен 200 бас ұсақ мал союға қауқарлы бұл нысанда санитарлық талаптар толық сақталады. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Салман Амановтың ісі мұнымен шектелмейді. Ол ірі қараны бордақылау ісімен қатар, қой, тауық, үйрек өсіріп отыр. Бірнеше жыл бұрын екі гектар жерді алып жатқан екі көлді сатып алып, оған 45 мың дана сазан мен тұқы шабағын жіберген.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.