Ардагерлер жүлдемен оралды

0 9

Тараз қаласындағы «Баласағұн» сарайында өткізілген ардагер өнерпаздар арасындағы Жамбыл облыстық байқауының гала-концертінде байзақтық ардагерлер де өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып, «Жеңіс туы желбіресін» тақырыбында өткен байқауға өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларынан кілең ардагерлерден құрылған өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты.
Байқау өте тартысты және қызықты, жоғары патриоттық рухтық деңгейде өтіп, керемет әсер қалдырды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев байқауға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесінің маңыздылығына тоқталды. Әділқазылар алқасының отырысында облыстық байқауға қатысушылардың өнерлері сарапталды. Нәтижесінде, ардагерлер кеңестерінің “Жеңіс туы желбіресін” атты облыстық байқауына ардагер өнерпаздарды әзірлеу бойынша Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі (Төрағасы Бердібек Омаров) 50 мың теңге сертификатпен марапатталды. Хор ұжымы өнерінде де байзақтық ардагерлер жүлделі екінші орынды иеленіп, 130 мың теңге, вокал (жеке орындау) байқауында Ертай Тазабеков “Қара кемпір” әнін, Әлмахан Исабаев “Тағзым” әнін орындап, үшінші орыннан көрінді. Вокал жанры жүлдегерлері 30 мың теңге сертификатқа ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және әділқазылар алқасының төрағасы Жаңабай Миллионов қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.