Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын ғаламторда жаңажылдық костюмдер туралы іздейтіндердің қатары күн санап көбеюде. Сұраныс нәтижесі бойынша Аяз ата өзінің ғасырлар бойғы қарсыласы Санта Клаустан алда тұр. Санта Клаустың костюмы Аяз атаныкінен қарағанда екі есе аз ізделеді дейді Яндекс компаниясының қызметкерлері.
Ер балалар Өрмекші адам, Бэтмен, ниндзя тасбақалар мен Супермен сияқты кейіпкелер мен өлмес Кощейдің киімін көп іздейді. Ал қыздар арасында Қызыл телпек, Ақшақар, Қар ханшайымы мен Жалмауыз кемпір сияқты кейіпкерлер сұранысқа ие.
Қазақстандықтар тарихи кейіпкерлердің образдарын да жөн санайды. Қазақ батыры мен қазақ қызының ұлттық киімдері де жаңажылдық кештердің сәнін келтірері анық.
Адамдардың көпшілігі жаңажылдық костюмдерді сатып алу жайында емес, үй жағдайында қалай тігуге болатыны жайында ойланады екен. Себебі, Яндексте “Жаңажылдық костюмдерді неден тігуге болады?”, “5 минутта өз қолыңмен жаңажылдық костюм жасау” деген сияқты сұраныстар саны көп.
Жаңажылдық кейіпкерлердің танымалдылығы әр аймақта әр түрлі. Мысалы, солтүстік өңірлерде, Астана мен Қарағандыда Қарша қыз бен Ақша қардың, Қар ханшайымының киімдері сұранысқа ие. Ал Алматы халқы сайқымазақ пен қарақшыларды көп іздейді. Шымкенттіктер арасында Аяз ата мен ергежейлі адамдардың костюмдері танымал. Ақтөбеліктер Қызыл телпекті жөн санаса, Таразда қояндардың костюмін дұрыс санайды. Аяз ата мен Ақшақарлардың қатары Өскемен мен Атырауда көп. Қызылорда аймағында ергежейлі адамдардың костюмы барлық кейіпкерлерді басып озса, Талдықорғанда Санта-Клаус бейнесінде көрінгісі келетіндер көп.
Сонымен, ер балаларға арналған жаңажылдық Топ-10 костюмнің тізімі төмендегідей:
- Аяз ата
- Қарақшы
- Ергежейлі
- Аққала
- Санта-Клаус
- Ниндзя тасбақа
- Қоян
- Етік киген мсық
- Сайқымазақ
- Өрмекші адам
Ал қыздар арасында мына кейіпкерлер танымал:
- Ақшақар
- Шырша
- Қар бейнесі
- Қар ханшайымы
- Қызыл телпек
- Жалмауыз кемпір
- Періште, перизат
- Цыган қызы
- Кикимора
- Қарша қыз (Белоснежка)
Дереккөз: baribar.kz