Биылдан бастап мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифингте мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Субсидия алу үшін жұмыс беруші xалықты жұмыспен қамту орталығына өтінімін тапсырады. Өтініммен қоса заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама, жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығынның сметасын көрсетуі шарт. Жұмыспен қамту орталығы құжаттармен бірге өтінімді қабылдаған соң үш күннен кешіктірмей қарап шығады. Содан соң өтінімді жергілікті органдарға жібереді. Айта кетсек, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушіге субсидия берілмейді.
Дереккөз: baq.kz