Пәтерді жалға берушілер салықты екі есе аз төлейтін болды

0 18

Қазақстанда қабылданған жаңа салық кодексі пәтерін жалға берушілердің салығын екі есеге төмендетіп отыр. Ендігі кезекте Ұлттық экономика министрлігі пәтерді жалға беруді заңды түрде тіркеу процесін жеңілдетуді көздеуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жаңа салық кодексі негізінде пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болмақ. Бұрын табыстың 2 пайызын төлеу міндеттеліп келсе, енді оның мөлшері екі есеге азаяды. Яғни, пәтерін жалға беруші бұрын 60 мың теңгеге үйін жалға берсе, оның 1200 теңгесін салық ретінде төлеуге міндеттелген. Ал жаңа салық кодексі бұдан былай аталған 1200 теңгені — 600 теңгеге қысқарту өзгерісін енгізіп отыр. «Салықтан жалтару бойынша… Бұл жерде бюджет те, министрлік те бір нәрсесін  жоғалтты деуге келмейді. Бұл жерде сіз бен біздің жоғалтарымыз бар. Яғни, бұл — салық ретінде бәрінің ортақ ақшасы. Салықтың арқасында қоғам өмір сүреді» — дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов. Вице-министр заңдағы өзгерістің жағымды нәтижелері болатынына сенім білдірді. «Әлбетте, арада құжат өткізу, есеп беру секілді шаруалар бар. Бұл жұмысты мемлекеттік кірістер комитетімен бірге жүргіземіз. Яғни, аз ақша төлеуді ғана емес, процесс барысының өзін арзандату көзделген. Онда пәтерін заңды өткізіп отырған азаматтардың саны азаяр деген сенімдеміз. Бәрі де салық төлеуге дайын. «Тек қана қарапайым тәртіп болса… Көп ақша төлемейтіндей және тексерулер мен санкцияларға тап болмасам болды деп отыр. Бары осы», — дейді Руслан Дәленов.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.