Облыста бастауыш сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды

0 18

Жамбыл облысында күн райына байланысты биыл алғаш рет мектептерде сабақ тоқтатылды.

Обылыстың қарлы әрі суық аудандарының бірі болып саналатын Мойынқұм ауданының мектептерінде сабақ тоқтатылды. Өңірде алғаш рет ауа температурасы минус отыз градусқа жуықтады.

«Бүгін, яғни 24 қаңтарда Мойынқұм ауданындағы 15 бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Егер басқа аудандарда ауа температурасы 25 градустан төмендейтін болса, ол жақта та оқушылардың мектепке баруы шектелетін болады», — деді  облыстық білім беру басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК филиалы қаңтар айының соңында Тараз бен Жамбыл облыстарында қатты суық болатындығын болжаған еді. Еске сала кетейік, аязды күндерге байланысты Астана қаласы мен Ақмола облыстарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.