Kcell-дің таза пайдасы 19% төмендеді

0 9

Kcell-дің таза пайдасы 2017 жылы 13,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 19,5%-ға (16,7 млрд теңге) төмендеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Сатылымның таза көлемі 0,1%-ға өсіп, 147,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал, қызметтерден түсетін табыс 0,5%-ға азайып, 136,6 млрд теңгені құраған.

EBITDA көрсеткіші, бір уақыттағы шығындарды есептемегенде, 1,2%-ға төмендеп, 57,3 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда, EBITDA кірісі 38,9%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, бір реттік шығындарды есептемегенде, операциялық пайда 33,1 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды.

Қаржыландыру бойынша таза шығындар 9,4 млрд теңгені құрады, ал бір жыл бұрын олар 8,3 млрд теңге ақшалай қаражаттың еркін қозғалысы 10,9 млрд теңгеге дейін өскен болатын. Жылдық есеп бойынша абоненттік база 23 мың абонентке ұлғайып, 10 млн пайдаланушыны құрады, ал 2016 жылы бұл 9,9 млн абонентке тең болған болатын.

Компания активтері 0,6%-ға дейін азайып, 179,8 млрд теңгені құрады.

«Төртінші кварталда 2017 жылдың қаржылық нәтижелері оң динамиканы көрсетуді жалғастырды. Сонымен қатар, шығындардың қатаң бақылауы және біздің абоненттеріміздің жаңа тарифтік жоспарларға көшуі, EBITDA көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 11-ға өсірді», — деді компанияның атқарушы директоры Арти Отс.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.