Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы төмендеді

0 11

01 ақпандағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 11 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 01 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады. Ақтөбе қаласының атфмосферасында зиянды қалдықтар жиналмайды деп күтілуде. Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.