Кеше түнгі сағат 01:20-да Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылында орналасқан «Алтыналмас» ЖШС Ақбақай филиалында жазатайым оқиға орын алды. МТ-2010 №6 жерасты машинасында жұмыс істеп жатқан машинистің үстіне машинаның қозғалысы кезінде қорғаныс шатыры құлап кеткен.
Жамбыл облыстық ТЖД мамандарының хабарлауынша, шатыр өздігінен үзіліп түскен. Зардап шеккен шахтер 1970 жылы туылған. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.
«ZhambylNews» ақпарат агенттігі аталған жайды өз бақылауына алып, жапа шеккен азаматтың жағдайы туралы соңғы мәліметтерді жариялап отыратын болады.