Төрт мас жігіт Жамбыл облысы, Луговое стансасындағы теміржол кассасында төбелес шығарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
«31 қаңтар күні таңғы сағат 05.30-да полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған төрт азаматты ұстады»,-деп жазылған хабарламада. Тексеру барысында ұсталғандардың 20,21, және 22 жастағы жастағы Жамбыл облысының тұрғындары екендігі анықталды. «Полиция бөлмшесіне жеткізу барысында ұсталғандар, тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбай, бейәдеп сөздер айтып полицейлерге қол жұмсады»,-деп көрсетілген хабарламада. Медициналық тексерудің қорытындысына сәйкес тәртіп бұзушылардың мас болғандықтары анықталды. Қазір бұзақы жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Дереккөз: inform.kz