Үстел теннисінен ҚР чемпионаты басталды

0 2

 Тараз қаласында үстел теннисінен ҚР чемпионаты басталды. Сайысқа еліміздің барлық аймағынан 15 команда құрамында 180-нен астам спортшы келді. Олар 5 күн бойы өзара бәсекеге түсіп, жеңімпаздарды анықтайтын болады. Бұл чемпионат – Тәуелсіздік жылдарынан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Былтыр Астана қаласында ұйымдастырылса, биыл тұңғыш рет Тараз төрінде жалауын көтерді. Байрақты бәсекеге үстел тениисінен үздік ойыншылар да қатысуда. Олардың қатарында Ұлттық құрама үздіктері мен спорт шеберлері бар. Ел чемпионатының ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спортшылар командалық есепте және жекелей сынға түседі. Жарыс 10-ақпанға дейін жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.