Ел тұрғындарына автокөлік құжаттарын алдағы уақытта интернет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Дереккөз: Baq.kz