Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

0 11

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сәйкес, жұма күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 13 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Астана, Атырау, Ақсай, Орал, Ақтау, Жаңаөзен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Тараз, Шымкент қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

Алматы, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған, Өскемен қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың таралуына жағдай жасайды.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.