Мектеп бағдарламасына кәсіпкерлікті оқытатын пән енгізіледі

0 15

Елімізде 2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына кәсіпкерлікті оқытатын пән енгізіледі.

Осының аясында оқушыларды қаршадайынан бизнеске баулы көзделген. Бұл жоба тіпті биылдың өзінде-ақ кей білім ордаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев журналистермен өткен кездесуде осылай деді. Жалпы, 2012 жылдан бері бұл сектордағы реттеу қағаздары 4 есеге қысқарған. Көңіл қуантатын жаңалық бұл ғана емес. Кәсіпкерлік саласында бірталай ілкімді істер қолға алынбақ. Мәселен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында бизнес нысандары бұдан былай автоматты түрде ғана қадағаланады. Осылайша заң аясында нәтижелі жұмыс істеп, салығын төлеп отырғандарды жөн-жосықсыз тексеру азаяды.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы:

– Біз есептеп қарадық, 2012 жылы мен Елбасыға есеп бергенде барлығы 50-ден астам тексеру органдары болған. Олар жылына 300-ге жуық тексеру түрін жасайтын. Өткен жылғы көрсеткіш – 85 мың. Сонда қарап отырсаңыздар, тексерістің екіден үші қысқартылды. Ең бастысы мұның санын ғана қысқартқан жоқпыз, сапасы да жақсара түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.