Шымкентте тағы бір оқушы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

0 12

Шымкентте тағы бір оқушы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Суицид жасаған мектептің сегізінші сынып оқушысы, сабақтан үйіне келген соң, қорадағы малға жем-шөп беремін сыртқа шығып кеткен. Ұзақ оралмаған баласына алаңдап, оны іздеп шыққан анасы, ұлының мал қорада жіпке асылған өлі денесін көрген деп хабарлайды  informburo.31.kz  арнасы.

Шымкент мектептерінің бірінде 8-ші сыныпта оқитын Әзімхан Зайнидиновтың сыныптас достары сол күні сабақтан бірге шыққандарын айтады. Әзімханды соңғы көргендер қатарында Илхам мен Ибрахим бар. Алайда оның көңіл-күйінде назар аударарлық жабырқаулық сезілмегенін айтады олар.

ИЛХАМ ЕШМАҒАМБЕТОВ, сыныптас досы:

— Бізге ештеңе айтқан жоқ. Хурсан болып кетті. Мен үйіме кеттім. Ибрахим өзінің үйіне кетті. Әзім де өзінің үйіне кетті, хурсан болып кеткен.

Ал ұстаздар жағы болса, баланың сол күні сабаққа толық қатысқанын айтады. Оқу ордасындағы әлімжеттілік дерегін жоққа шығарды. Сабақ үлгерімі орта, мінезі жуас баланың тәртібіне қояр мін жоқ дейді. Тіпті бала болып, ұялы телефон да ұстамаған екен. Өзіне қол жұмсағанын естігенде, өзіміз де сене алмадық дейді.

ИГЕМҚҰЛОВ МҰРАТЖАН, Шымкент қаласы № 113 мектеп директорының міндетін атқарушы:

— Үлгілі отбасы болып есептелінеді. Бала мен ата-анасы ортасында немесе семьядағы басқа адамдармен конфликт туралы мәселе болған емес осы уақытқа дейін.

Алайда сабақтан оралған күні кешкісін Әзімхан анасына малға жем-шөп саламын деп сыртқа кетіп, үйіне сол күйі қайта оралмаған. Кешіге бастаған баласына алаңдаған анасы, мал қораның ішінде жіпке асылып қалған ұлының өлі денесін көрген. Адам шошырлық әрекетке барғанына ата-анасы да таң, «өзгені жазалайтындай ілік жоқ, сондықтан сұхбат бермейміз» деді. Бұл ақпан айында болған Шымкенттегі екінші оқушы өлімі. Екі дерек бойынша да тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.