«Қазақфильм» кішкентай Томиристі іздестіруде

0 8

«Томирис» фильмінде  сақ патшайымының рөлін сомдайтын актриса белгілі болды, деп xабарлаған болатын Today.kz Ақан Сатаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

«Зор қуанышпен басты кейіпкерді сомдайтын актрисамен таныстырғым келіп  тұр. Ол 1990 жылы туған Алмира Тұрсын. Мамандығы коуч-псиxолог», – дейді режиссер.

Режиссердің айтуынша ол былтыр мамыр айында Астанадағы жалпықазақстандық кастингке келіп, бірінші турдан өткен.

Ал қыркүйек айында режиссерлік бейне байқауға қатысып, екінші турдан да сәтті өткен.

Ал үшінші тур жаттығу лагерінде жалғасқан. Өткен жылдың желтоқсанында фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева мен туынды режиссері Ақан Сатаев Алмираны Томирис рөліне бекіткен.

«Қазір актерлік топ дайындық үстінде. Актерлік шеберлік пен трюктарды үйреніп, жаттығып жатыр. Бұл Алмираның дебюті. Алла жар болсын!» – дейді режисер Ақан Сатаев.

Фото -

Фото -

Фото -

Ендігі кезекте,»Қазақфильм» киностудиясы «Тұмар патшайым» кинокартинасына 3 пен 10 жас аралығындағы қыздарға кастинг жариялады. Қыздардың сырт-келбеті басты рөлді сомдайтын Алмира Тұрсынға ұқсас болуы керек, деп хабарлады

Кастингке қатысушылардың шашы сары, көзі көк болуы керек. Тарихи туындыдан көрінгісі келетін үміткер шығармашылық топқа түрлі пландағы фильтрсіз және бояусыз суреттерін жолдауы керек. Кастингке кез келген ұлт өкілдері қатыса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.