Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэні қабылдағандығын ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі жеткізді
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Н. Нығматулин атап өткендей, Франциямен жан-жақты және өзара тиімді байланысты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толса, биылғы жылы Қазақстан мен Франция арасында стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр.
Елбасы белгілеп берген 10 басым бағытты жүзеге асыру аясында Палата Спикері франциялық әріптестердің инновациялық технологиялар, цифрландыру саласын заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесінің қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Өз кезегінде елші Қазақстан мен Франция тек саяси, стратегиялық қана емес, экономикалық маңызды әріптестер екенін сөз етіп, болашақта екіжақты және көпқырлы, сондай-ақ парламентаралық ықпалдастықты жан-жақты нығайтуға ынталы екенін жеткізді.