Шымкентте өнерлілердің «Арай -2018» байқауы өтіп жатыр

0 14

Оңтүстік Қазақстан облысында жас әншілер мен мәдени шаралар жүргізушілерінің «Арай -2018»  байқауы өтіп жатыр. Өңірдің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен  Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған өнер сайысында 39 үміткер бағын сынауда, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шара облыстық деңгейде өткізілуде. Байқаудың алғашқы  іріктеу кезеңінде облыстың қала-аудандарынан 450-ге жуық үміткер қатысқан болатын.

Жастарды отансүйгіштікке баулитын байқауда қатысушылар  шеберліктерін көрсетіп, жаңа эстрадалық әндерді шырқады. Түрлі іс-шараларды жүргізу қабілеттерін байқатты.

Әрбір аудан, қалаға бекітілген тəлімгерлер 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлерді іріктеп алып, дайындық жұмыстарына жетекшілік етті. Олар сондай-ақ, қазылар алқасы құрамында төрелік етуге мүмкіндік алды. Бүгін сол қала-аудандардағы іріктеуден өткен жастар облыс орталығында өнер көрсетіп жатыр. Облыстық байқаудың жеңімпаздары кешкісін анықталып, марапатталатын болады. Кеш соңында гала-концерт өтеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.