Ресейлік керлингші Крушельницкий Олимпиада жүлдесін қайтарып береді

0 17

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында допинг сынағынан өтпей қалған ресейлік керлингші Александр Крушельницкий Олимпиада жүлдесін қайтарып береді, деп мәлімдеді centralasian.org 

Александр Крушельницкий мен оның әйелі Анастасия Брызгалова керлингтен аралас жұпта қола жүлде алған.

«Біз оның сынамасынан шынымен мельдоний табылғаны туралы мәлімдемеге қол қойдық, сол себепті медальды қайтарып береміз», — деді Ресейдің керлинг федерациясының баспасөз хатшысы Валентина Паринова «Россия 1» телеарнасы эфирінде.

Ресейлік атлетке қатысты іс ашқан Спорт жөніндегі төрелік сотта (CAS) бүгін осы іс бойынша тыңдау өтеді.

«Қалай болған күннің өзінде, сот жүлдені қайтару туралы шешім шығарады», — деді Паринова ТАСС агенттігіне.

Допингке қарсы күрес ережелерін бұзды деген айыпқа ілікке Ресей Пхенчхандағы ойындарда дербес тумен қатысып жатыр. Арнайы комиссия ресейлік атлеттердің Халықаралық Олимпиада комитеті дайындаған ережелердің сақтауын қадағалап отыр. ХОК ресейлік атлеттердің Олимпиаданың жабылу салтанатында Ресей туын ұстап шығу-шықпау мәселесін 24 ақпанда қарайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.