Ресейде ұсталған қазақстандық Филинковтың шағымын тергеу комитеті тексереді

0 27

Санкт-Петербургте ұсталған антифашистік қозғалыс белсендісі, қазақстандық Виктор Филинковтың азаптауға ұшырағаны туралы шағымын Ресейдің тергеу комитеті тексере бастады. Бұл туралы күдіктінің адвокаты Виталий Черкасов хабарлады, деп centralasian.org хабарлады 

Филинковтың айтуынша, онымен Санкт-Петербург гарнизонының әскери тергеу бөлімі басшысының орынбасары кездесіп, тексеру жүріп жатқанынан хабардар еткен.

Бұған дейін Батыс әскери округының әскери прокуратурасы Филинковтың азапталғаны туралы мәліметті тексеруден бас тартып, адвокат арызын Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметіне жолдаған. Филинков өзін Федералдық қауіпсіздік қызметінің адамдары ұрып-соғып, электрошокермен азаптады деген. Онымен бірге антифашистік қозғалыстың тағы бір белсендісі Игорь Шишкинді де қинаған. Тергеу нұсқасы бойынша, белсенділер «террористік қызмет жүргізу мақсатында бір топ құрған».

Виктор Филинков 23 қаңтарда ұсталды. Оның сөзіне қарағанда, ФҚҚ қызметкерлері белсендіні әуежайда ұстап, орманға апарып қинаған. Сосын абақтыға жапқан.

Бұған дейін қазақстандық дипломаттар Ресей билігі Қазақстан азаматының ұсталғанын дер кезінде хабарламағанын айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.