Атырау театрына «Академиялық» мәртебе берілді

0 1

Достарым, жақында Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына «Академиялық» мәртебе берілді. Атырауға арнайы сапарда өңірдің мәдениет және спорт саласы қызметкерлерімен кездесуде тарихи құжатты салтанатты түрде табыстадым деп жазды Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  facebook парақшасында

 

80 жылдық тарихы бар театр соңғы жылдары шетелдік гастрольдерге шығып, республикалық театр фестивалінде бірінші орын иеленіп, академиялық мәртебеге лайық екенін дәлелдеп жүр. Еліміздің ұлттық мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға, дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік мәдениет ұйымына берілетін мәртебе театр ұжымы үшін жоғары баға және марапат деп білемін.

Академиялық мәртебе беру туралы ресми құжатты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен театр жетекшісі Берік Жәменов қабылдап алды. КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов салтанатқа қатысып, жылы лебізін білдірді.

Өр рухты Махамбет атындағы театр ұжымын академиялық мәртебесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.