Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының күндері өтуде

0 23

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының күндері өтуде Петропавл қаласының С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы жаңа компьютерлік жабдықпен жарақталады. Бұл сыйлықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры тарту етті деп жазады Егемен Қазақстан газеті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан өңірлерінде жастармен белсенді жұмыс жүрігізіп отыр. 2017 жылдан бастап Қордың өкілдері еліміздің түрлі қалаларына барып студенттерді Қордың қызметімен және жастарға арналған жобаларымен таныстырып келеді.

Дәстүр бойынша жолсапар әкімдікте кездесумен басталады. Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті —  Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев бастаған Қордың делегациясы, белгілі ғылым және өнер салаларының өкілдері — Қор Сыйлықтарының Лауреаттары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесті. Ресми кездесуде жастар бағдарламаларын дамыту мәселесі, сондай-ақ мәдениет, ғылым және әлеуметтік саладағы бірлескен жобалар туралы әңгіме болды.

Кездесу барысында Қор басшылығы С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасына жаңа компьютерлік жабдық алу үшін 3 млн теңге сомасына сертификат табыстады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жоспарында жастарды қолдауға, оның негізін бүгінгі студенттер мен жоғары оқу орындарының түлектері құрайтын жаңа креативті және бәсекеге қабілетті қазақстандық ғылыми қауымдастықты құруға бағытталған көптеген жобалар бар. Бұл жобалардың барлығы Президенттің Жолдауда қойған міндеттеріне сәйкес әзірленіп іске асырылады». Әкімдікте кездесуден кейін Қордың басшылығы және ұжымы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің (СҚМУ) ғылыми және студенттік активімен кездесті, онда Қордың жастарға арналған жобаларының тұсаукесері өтті.

СҚМ-нің жас ғалымдары мен студенттері Қордың қызметімен таныс екені қуантарлық. СҚМУ-нің 15 студенті Қордың стипендиаты атанған. Қордың жанында қызмет ететін Жас ғалымдар кеңесінің шешімі бойынша СҚМУ-дың Жас ғалымдар кеңесі «Үздік жас ғалымдар кеңесі — 2017» атағына ие болды. Диплом Университеттегі кездесу кезінде табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.