«Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсаукесері өтті

0 8

«Қиырдағы қазақтар». Астанада осылай аталатын ерекше фильмінің тұсаукесері өтті. Ресми мәлімет бойынша, шет елдегі қазақтар саны 5 миллион деп көрсетіледі. Алайда, сыртта жүрген қандастарымыздың бұдан әлдеқайда көп екені туралы да пікірлер бар. Қиыр жәйлап шет қонған қандастар әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі салалар бойынша еңбек етіп жүр. Ғылым мен жаңа технологияны бағындырғандар да жетерлік. «Қиырдағы қазақтар» жобасының мақсаты — осындай жетістікті өзгелерге көрсету, деп хабарлады Астана арнасы.

Деректі фильм 8 сериядан тұрады деп жоспарланған. Әр бөлімі 25 минуттан. Қазір алғашқы 4 сериясы дайын. Онда Моңғолия, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстандағы қазақтардың өмірі баяндалады. Бастама ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан көтерілген. Жобаның демеушісі — кәсіпкер Оралбек Ботбай. Жоспар бойынша фильм ағылшын тіліне де аударылады.

Олжас Беркiнбаев, «Қиырдағы қазақтар» жобасының жетекшiсi: Ағайындарды ойласақ, көбі атқа мініп, киіз үйде жүргендерді елестеді. Біз мақсат мына ІТ маманын, білім саласындағы менеджерлерді көрсету болды. Моңғолия билігіне, экономикасына үлес қосқан ағайындарды танытқымыз келді.

Оралбек Ботбай, кәсіпкер:

Болашақта Қытай, Канада, Франциядағы қазақтар шақырып жатыр. Бұл фильмнің әрі қарай жалғасатынына еш күмән жоқ, тек халық пен Алланың қолдауы болса, үлкен дәрежеге көтеріледі деп ойлаймыз. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.