Енді мектеп оқулықтарын электронды нұсқада қолдануға болады

0 20

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 3, 6, 8-сынып оқулықтарын электронды түрде пайдалану мүмкін болмақ. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Бұрындары кітаптар 4 жылда бір рет басып шығарылатын. Қазір кітаптар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары өзгергенде ғана шығарылады. Егер МЖМБС өзгермесе, әрине, кітап қолдануға жарамсыз болмаса, кітаптар қайта басып шығарылмауы тиіс. Біз қазір нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгіздік. Ата-аналар QR-код арқылы планшетіне, смартфондарына орнатып алу үшін 2018 жылы 3, 6, 8-сынып оқулықтарының міндетті түрде электронды нұсқасын жасаймыз. Біз ең бірінші бала мен оның ата-анасына электронды нұсқаны қолдану құқығын береміз», — деді ол.

Оның айтуынша бүгінде Қазақстан мектептеріндегі 1, 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен. Оқушылардың 42 %-ы осы мазмұн бойынша оқып жатыр.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.