Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы қайтыс болды

0 11

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасында өмірден өтті. Дереккөз: Kff.kz

Сұлтанғали Қаратаев Владимир Толчинскиймен бірге репортажжүргізген. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирді алғаш рет қазақша сайратқан да Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, “Айып алаңы”, “Оң қаптал”, “Сол қаптал”, “Қосалқы құрам” тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді. Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.