Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел күшейеді.
Дереккөз: 24.kz