Жамбыл облысындағы ауылдарды су басып жатыр

0 7

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданын  су басып  жатыр. Таудан еріп түскен қар суы ауданға қарасты  Ақыртөбе, Өрнек, Қызылту ауылдарын шайып жатыр, деп «ZhambylNews». 

«ZhambylNews» АА  тұрғындардан Whatsapp мессенджері арқылы бейнематериал келді. Бейнеде тасқын су ауладағы шаруашылықтың бәрін су алып кетті.

«Су алып жатыр»,- дейді бейнематериалда зардап шеккен тұрғын түсінік беріп.  Айта кетсек,Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа температураның күрт жылынуынан   өңірдің барлық аудандарында қарқынды таудағы қар суының еріп ағуы мүмкін екендігін ескерткен.

Облыс аумағындағы  Шу, Талас және Аса өзендерінің суы толып тасуынан кейбір аймақтар зардап шегуі мүмкін, сондай-ақ Қарабұлақ, Ырғайты, Аспара, Мерке, Қарақатсақ, Қайыңды, Ақсай және Көксай өзендерінен  тау беткейінде орналасқан бес ауданда  (Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Қордай, Талас) су  тасқыны болуы  мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз – деді баспасөз мәслихатының бірінде облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Такеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.